Мерекелік концертте оқушылар ән айтып, би биледі және өлең оқыды. Мұғалімдер балалардың төрт жыл бойғы еңбегін атап өтіп, олардың алдағы орта буын сыныптардағы табысты қадамдарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, ата-аналар тарапынан да жылы лебіздер мен құттықтаулар айтылып, әсерлі сәттер есте қалды.
Осындай сәттер балаларға үлкен серпін беріп, олардың мектепке деген қызығушылығын арттыра түсті. Енді олар жаңа белестерге батыл қадам басып, білім алудың жаңа кезеңіне жол ашып отыр.
4 “Ә” сынып жетекшісі: Бахиева Райса Оралбаевна