- Алғашқы қазақ бастауыш түлектерінің қоштасу мерекесі.
‼️Биылғы оқу жылы мектебіміз үшін ерекше сәттерге толы болды. Себебі, мектеп тарихындағы алғашқы қазақ бастауыш сыныбы бітірді. Бұл 4 «Ә» сыныбымыз 2021 оқу жылында 9 оқушымен ашылған болатын. Қазіргі таңда 20 оқушымыз бастауыш сыныпты аяқтап, орта буынға аяқ басты. Соған орай сынып жетекшісі Бахиева Райса Оралбаевнаның ұйымдастыруымен , ата-аналардың сұрауымен бастауыш сынып түлектеріне арнап «Қош бол, бастауышым!» атты салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді.
Бұл мереке кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміз , енді міне, қанаттары қатайып, білімнің негізі болатын бастауыш сыныппен қоштасты.
Қоштасу мерекесінде төрт жыл бойы білім мен тәрбиені бойына сіңірген жас түлектердің осы жылдарда алғашқы жетістіктері жайлы айтылып, әрбір пән мұғалімдері оқушылардың мақтанарлық қабілеттері жайлы атап өтті.
Мерекелік іс-шараға ата-аналар, пән мұғалімдерімен қатар директордың оқу ісі жөніндегі және тәрбие ісінің орынбасарлары қатысып, осы сынып жайлы мақтаулар айтып, түлектерге сәт-сапар тіледі.
Салтанатты кеште оқушылар ән айтып, өлең оқып, би билеп, өздерінің өнерлерін көрсетіп, мұғалімдерге алғыстарын білдірді.
Сынып жетекшісі Бахиева Райса Оралбаевна орта буында болатын сынып жетекшісімен таныстырып, салтанатты түрде сыныпты табыстады.
Ата-аналар, мектеп ұстаздары түлектердің алғашқы қадамдарына куә болып, жүрекжарды тілектерін білдірді. Алғашқы қазақ бастауыш түлектерінің мерекесі – мектептің тарихындағы маңызды оқиға. Балалар жаңа белеске аяқ басып, орта буынға батыл қадам басып, білім алудың жаңа кезеңіне жол ашып отыр. Бұл мерекелік сәттер олардың есінде мәңгілік сақталары анық.
Қымбатты бастауыш сынып түлектері, әр қадамдарыңыз сәттілікке толы болсын. Алда алар асуларыңыз биік болсын. Қазақтың ұлы ғұлама ақыны Абай атамыз айтқандай:- Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де- бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан!
№7 орта мектебінің директоры Жедоуова Нурикамал Кабиевна