🎵 1-станция — «Көңілді ноталар»
Балалар дыбыстар мен ноталар арқылы музыкалық аспаптарды тапты.
Содан кейін аспаптардың суреттері бар пазлдарды құрастырып, олар туралы әңгімеледі.
🍏 3-станция — «Алма»
Белгіленген уақыт ішінде топтар көңілді биді жаттап, станция жетекшісіне көрсетті.
🌦 4-станция — «Жазғы жаңбыр»
Мұнда балалар командалық бірліктерін көрсетіп, достық пен өзара көмектесуге арналған тапсырмаларды орындады.
🎨 5-станция — «Асфальттағы көңіл күй»
Балалар бормен өз көңіл күйлерін бейнелеп, шағын ойындарға қатысты.
🚂 6-станция — «Көңілді экспресс»
Командалар күтпеген тапсырмаларды орындап, эстафетаны бір-біріне күлкімен тапсырды.
👣 «Малышландия» станциясы
Кішкентай балалар аяқ пен қол ізімен жасалған жолақтан өтіп, көңілді тапсырмаларды орындады. Алаң көңілді және қуанышты сәттерге толы болды!