
Ақсу қаласы №7 орта мектебінде Ақсу қаласы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекция қызметінің аға инспекторы, полиция капитаны Ибраев Уаис Мұратұлы және полицияның аға лейтенанты Инербаев Самат Ниғметоллаұлы оқушылармен «Қауіпсіз жол» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.