2024 жылдың 29 наурыз күні Астана қаласының «Riviera International School» базасында жалпы білім беру ұйымдарының басшылары, орынбасарлары, әдіскерлері және педагогтері үшін «Қазақстандағы STEAM білім беруді дамыту стратегиясы мен практикасы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Спикерлер STEAM құзыреттілік модульдерін интеграциялау мәселелері бойынша тәжірибені, STEAM-сабақты жобалауға арналған білім беру ресурстарын, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістері мен тәсілдерін, STEAM-тәсілді іске асыру арқылы педагогтердің АКТ-құзыреттілігін арттыруды ұсынды.
Қатысушылар білім берудегі STEAM-тәсілдің негізгі сипаттамаларын, өзектілігінің себептерін, оқытудың тиімді әдістерін талқылады, оқытудың жаңа нысандары мен технологияларын қолдану мүмкіндіктерін және мектеп шеңберінде STEAM-білім беруді іске асырудың нақты жолдарын атап өтті.
«Caravan of Knowledge» КҚ-мен STEAM дамыту бойынша Ақсу қаласының №7 ОМ информатика пәнінің мұғалімі К.К. Негманова Қазақстан Республикасында STEAM-білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Оқу-ағарту Министрінің Алғысымен және дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернаты Қазақстанда STEAM білім беру бағытындамыту Жол картасының аясында «STEAM Мектеп Advancent» атты мектептерді STEAM сертификаттау бағдарламасын өткені үшін Дипломмен марапатталды.